Түркістан облысында «Тұран» футбол клубы саудаға қойылды. Ол үшін бір миллион теңгеден сәл астам қаржы сұралуда деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Қазақстандағы тағы бір футбол клубы жекенің қолына өтпек. Аймақтық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының мәліметінше, түркістандық «Тұран» ФК электронды сауда алаңына шығарылды
Бастапқы бағасы – 1 054 000 теңге, ал кепілдік жарнасы 158 100 теңгені құрайды. Электронды сауда 3 наурыз күні таңғы сағат 10:00-де басталуы тиіс.
Клубты сатып алушының спорт саласында кемінде 5 жыл тәжірибесі болуы қажет. Сонымен қатар, болашақ иесіне қойылатын бірқатар қосымша талаптар бар.