Жаңалықтар

Түркістан облысында теміржолшы пойыз астына түсіп, көз жұмды

Түркістан облысында теміржолшы пойыз астына түсіп, көз жұмды

Теміржол қызметкері №77 жолаушылар пойызының астына түсіп, ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Оzgeris.info.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, пойыз шамамен 78 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Қауіп туындаған сәтте машинист шұғыл тежегішті іске қосқанымен, теміржолшы жолдан шығып үлгермеген.

– Түркістан станциясының желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта іс бойынша оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын мәлім етті.

Барлық жаңалық