Түркістан облысы

Түркістан облысында мал қырылып жатыр

Түркістан облысында төрт түліктің жаппай қырылуына алып келген қуаңшылық байқалуда. Соңғы 35 жыл ішінде мұндай жағдай болмаған: жайылымда шөп шықпай, жем-шөп пен астық бағасы бірнеше есеге көтерілген, деп жазады ozgeris.info сайты turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Алғашқы мал шығыны Созақ ауданында тіркеліп отыр. Жергілікті жұрт қыстың қамын ойлап, қатты алаңдаулы. Малын сақтап қалу үшін олар жем-шөпті сатып алуға мәжбүр. Алайда шаруалардың сөзінше, баға тым шарықтап кеткен.

 

Көпшілік мұндай қуаңшылықтың соңғы рет отыз жылдан астам бұрын болғанын айтады.

 

Ал билік өкілдері болса, тұрғындарды сабырға шақырып отыр. Созақ ауданы әкімінің орынбасары Серік Маманов алдағы уақытта жем-шөп мәселесі біртіндеп шешіледі деген пікірде.

Барлық жаңалық