SMARTNEWS.KZ дерегінше, Түркістан облысының Датқа ауылында тұратын 38 жастағы Мақсат Атабаев із-түзсіз жоғалып кеткеніне бір ай болды. Ол 2 тамыз күні мал жайып кеткеннен кейін қайтып оралмаған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Жақындарының айтуынша, Мақсат бұрын-соңды жоғалып көрмеген. Анасы Ұлжан Жәнібекова баласының күшпен ұсталып отырғанына сенімді.
«Ұлым кеткен күннен бері жаным жай таппайды. Түнде де көз ілмеймін. Күн сайын оның аман-есен оралуын тілеймін. Егер оны біреу ұстап отырса, ар-ұяты бар адам босатсын. Оның да бала-шағасы бар ғой», – дейді анасы.
Марқұмды соңғы рет бірге шыққан досы көрген. Туыстары ауылдастарының қатысы болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.
«Мүмкін оны көлікке күштеп отырғызып әкеткен шығар. Біз оны құлдыққа сатып жіберді деген ойдамыз. Бұл істің артында ауыл адамдарының тұрғанына көп белгі меңзейді», – дейді әпкесі Айжан Атабаева.
Жоғалған күні-ақ іздеу жұмыстары басталғанымен, туыстары полицияның әрекетіне көңілі толмайды. Олардың сөзінше, тәртіп сақшылары алғашқы күндері ғана үйді қарап, содан кейін белсенділік танытпаған.
«Біз өз күшімізбен ауылдарды, гараждарды, тасталған ғимараттарды түгел араладық. Бірақ ешқандай дерек таппадық. Ал полиция тек бастапқыда ғана жұмыс істегендей болды», – дейді анасы.