Жаңалықтар

Түркияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты

Түркияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты

Марқұмның туған-туыстарының мәліметінше, бойжеткен 15 маусым күні жол-көлік оқиғасынан жан тапсырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алдын ала деректер бойынша, қазақстандық қыз өндірістік тәжірибеден өтіп, қонақүйлердің бірінде аниматор болып жұмыс істеп жүрген. Қаралы оқиға болған түні оның іші қатты ауырып, танысы ауруханаға алып бара жатқан. 

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы Бас консулдық марқұмның отбасына қажетті консулдық көмек көрсетіп, құжаттарды рәсімдеуге және мәйітті елге жеткізуге жәрдемдескенін мәлім етті. 

Сонымен қатар, ведомство қыздың қаза болуына қатысты мән-жай Бас консулдықтың қатаң бақылауында екенін, қазіргі уақытта Түркияның құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жалғасып жатқанын хабардар етті. 

Барлық жаңалық