Қазақстан Республикасының туризм саласы елеулі табиғи, мәдени және тарихи ресурстарға ие бола отырып, ішкі және сыртқы туризмді дамытуда зор әлеуетке ие. Алайда, аталған әлеуетті толық іске асыру үшін бірқатар жүйелі мәселелерді шешу қажет. Және бұл мәселені Qasqa Jol YouTube арнасына Өркен Кенжебек келіп талқылаған болатын, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Өркен Кенжебек Туризм индустриясының дамуына кедергі келтіретін негізгі факторлар қатарында инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, көлік қатынасының әлсіздігі, қонақ үй қызметтерінің тапшылығы және қызмет көрсету сапасының төмендігін атап өткен болатын. Сонымен қатар, сала мамандарының жетіспеушілігі мен тілдік кедергілер де шетелдік туристерді тарту мүмкіндігін шектейтінін айта кетті.
Сарапшылардың пікірінше, туризм саласын дамыту мақсатында келесі шараларды жүзеге асыру маңызды: жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту, заманауи туристік нысандар салу, сала қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ ішкі туризмді насихаттау бағытында кешенді ақпараттық жұмыстар жүргізу.
Мемлекет тарапынан туризмді қолдауға арналған бағдарламалар іске асырылып, инвестициялық жобаларға жағдай жасалуда. Алайда, бұл бастамалардың тиімділігі жоспарлау мен орындау сапасына тікелей байланысты.
Туризм саласын дамыту Қазақстан экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге ықпал етеді. Осы орайда мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдарының және азаматтық қоғам өкілдерінің үйлесімді іс-қимылы ерекше маңызға ие.