Әлеуметтік желілерде Маржан Арапбаеваның соңғы видеолары көпшіліктің қызу талқысына түсті деп хабарлайды Оzgeris.info сайты. Қолданушылар оның сырт келбетінде айтарлықтай өзгеріс байқағандарын жазып, түрлі пікір қалдырған. Желі қолданушыларының бір бөлігі әншінің бұрынғы бейнесінен ерекшеленіп кеткенін атап өтсе, енді бірі оның бет әлпетінің тым өзгеріп кеткенін алға тартқан.
Пікір жазушылардың арасында сын айтушылар да аз болмады. Кейбірі «Түрі не боп кеткен?» деп жазса, енді біреулері бұл өзгерістерді жарық, макияж немесе түсірілім бұрышынан көрді деп қорғауға тырысты.
Әзірге әншінің өзі желідегі пікірталасқа қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.