Жаңалықтар

Түнде Шымкент пен Тараз халқы жер сілкінісінен оянды

Түнде Шымкент пен Тараз халқы жер сілкінісінен оянды

6 желтоқсан күні сағат 02:04 шамасында ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының» станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, дүмпу ошағы Алматыдан оңтүстік-батыс бағытта 565 шақырым қашықтықта, Өзбекстан аумағында болған. Жерасты қозғалысы Тараз бен Шымкент қалаларында екі балдық деңгейде сезілген.

 

Оқиғадан кейін ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары өзен арналары, гидротехникалық нысандар, көшкін және сел жүру қаупі бар аймақтар бойынша жедел мониторинг жүргізді. Сонымен қатар, тіршілікті қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылымдарда ықтимал зақым немесе ақаулардың бар-жоғы тексерілген.

 

Мекеменің таратқан мәліметке сәйкес, тексеріс барысында ешқандай бүліну немесе қауіпті жағдай анықталмаған. Қазіргі уақытта барлық нысандар штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

Барлық жаңалық