Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы деген атпен танылған Айман есімді келіншек туған жері Қызылордаға арнайы барып, марқұм әжесінің рухына құран бағыштағанын айтты. Бұл туралы ozgeris.info сайты хабарлады.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында сапарының басты мақсаты әжесінің зиратына барып, дұға жасау болғанын жеткізді.
«Қызылордаға келудегі мақсатым - әжемнің басына барып құран оқу еді. Қара топырағы жап-жасыл гүлмен қапталыпты. Алладан Фирдаус жәннәтін сұрадым. Бейіт басына келсем Ақ әжемнің иісі мұрныма келеді. Қазір кешкі рейспен Астанаға қайта қайтамын», деп жазды ол.
Желі қолданушылары да пікір қалдырып, марқұм әженің ел арасында сыйлы әрі көпшілікке көмегі тиген жан болғанын еске алды.
«Апамның жаны жәннәттің төрінен болсын! Апамыз біздің емшіміз еді ғой, кішкене ауырсақ жетіп баратынбыз. Сондай керемет кісі еді», деп жазды көпшілік.
Пікірлерге жауап берген Айман әжесінің ерекше қасиеттерін атап өтті.
«Менің әжем ауылдың тәуіп Хо Жуны еді. Түкірігі ем еді ғой», деп жазды Айман.