Шоу-бизнес

«Түк білмей келгені жақсы»: Жазира Байырбекова келіні жайлы сөз қозғады (ВИДЕО)

«Түк білмей келгені жақсы»: Жазира Байырбекова келіні жайлы сөз қозғады (ВИДЕО)

Танымал әнші Жазира Байырбекова “Таңшолпан” бағдарламасында сұхбат берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

 Өнер иесі келіні жайлы сөз қозғады.

Отбасылық өмірдің қыр-сырларымен бөлісті. 

“Мен өзімнің келініме қарап аңқау, көп нәрсе білмейтін өзімнің жас кезімді еске түсіремін. Сондай білмей тұрғанымен сүйкімді сияқты. Жас келін өмір көріп тастаған сияқты келіп өзіңе ақыл үйретіп тұрса ол кезде әдемі болмай қалады деп ойлаймын. Жас келін білмей келгенімен әдемі. Біз үйреткенімізбен енеміз. Мен былай істе, былай істе деп көп айтпаймын. Менің болмысыма қарап, өткен өміріме қарап, айналаға қарап, өзі тәрбие алып жатыр деп ойлаймын. Келінге де, балаға ақыл айта берсең қазір ақпараттық заман миы ашып кетеді ғой. Мен керісінше ақыл сұраймын. Мынаны кисем қалай, былай барсам қалай деп. Үйге келсек әрнәрсе пісіріп қояды. Көңілімізге барынша қарауға тырысады”,- деді ол.

Барлық жаңалық