Қоғам

«Туа біткен шашты да көре алмай қалады»: Ерке Есмахан хэйтерлеріне жауап қатты (ФОТО)

«Туа біткен шашты да көре алмай қалады»: Ерке Есмахан хэйтерлеріне жауап қатты (ФОТО)

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде шашына қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап берді деп жазады Оzgeris.info.

 

Оның айтуынша, желі қолданушылары буйра шашын «жалған», «химия жасалған», «биозавивка», «парик» деп жазып, өзінкі емес деп айыптаған.

 

«Туа біткен шашты да көре алмай қалуға бола ма? Мен шоктамын», – деп жазды әнші.

 

Ерке Есмаханды қолдап, туыстары мен таныстары да пікір қалдырып, оның шашы кішкентайынан бері табиғи бұйра екенін айтып жатыр.Әнші хэйтерлерге жауап бере отырып, негативті адамдарды бірден блокқа салатынын, энергиясын дәлелдеуге жұмсамауды жөн көретінін айтты.

 

«Маған оқырманымның сапасы маңызды. Негатив көрсем – өшіремін, блокқа саламын. Зұлым, көреалмаушы адамдарды ұнатпаймын. Ал жарық адамдарға тек бақыт тілеймін», – деді Ерке Есмахан.

 

 

Барлық жаңалық