🌐 Әлем

Трамп Зеленскийге «Мәскеуге соққы жасай аласың ба?» деген ұсыныс айтқан

Трамп Зеленскийге «Мәскеуге соққы жасай аласың ба?» деген ұсыныс айтқан

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийге Ресей аумағына соққы жасау туралы ұсыныс білдірген. Бұл туралы Financial Times екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Ozgeris.info.

Басылым мәліметінше, 4 шілдеде өткен телефон әңгімесінде Трамп: «Владимир, сен Мәскеуге соққы жасай аласың ба? Санкт-Петербургке ше?» деп сұраған. Зеленский, егер АҚШ қажетті қару берсе, Украина дайын екенін айтқан.

Содан кейін Вашингтон Украинаға үшінші елдер арқылы жеткізілетін алыс қашықтықтағы соққы құралдарының тізімін дайындаған.

Осы оқиғадан кейін 14 шілдеде Трамп Украинаға Patriot зымыран кешендерін жеткізуді уәде етті. Сонымен қатар НАТО арқылы Еуропа елдеріне 10 млрд доллардың қаруы сатылмақ. Бұл әскери техника да Украинаға бағытталуы мүмкін.

Барлық жаңалық