Жаңалықтар
Трамп Путинмен телефон арқылы не сөйлескені белгілі болды
13.02.2025
350
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы не туралы сөйлескенін баяндады. Ол Truth Social желісіндегі парақшасында Путинмен арадағы әңгіме қалай өрбігенін айтып берді.
"Тап қазір Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы ұзақ әрі өнімді әңгімелестік. Біз Украина, Таяу Шығыс, энергетика, жасанды интеллект, доллардың күші және басқа да тақырыптарда әңгіме өрбіттік", - деді Трамп.
Оның айтуынша, әңгіме барысында олар "ұлттардың ұлы тарихы" туралы ой қозғап, екі елдің Екінші дүниежүзілік соғыстағы бірлесе жасаған әрекеттерін сөз қылған. Сонымен бірге Трамп "Ресей сол кезеңде ондаған миллион адамынан айырылғанын" атап өтті.
"Біздің ұлттардың мықты тұстарын сөз етіп, бірлесе жұмыс істеу бізге қыруар пайда әкелетіні туралы сөйлестік. Бірақ ең бірінші, екеуіміз де келісіп отырған мәселе - біз Ресей/Украина соғысы салдарынан болып жатқан миллиондаған адамның өлімін тоқтатқымыз келеді. Президент Путин тіпті менің "Парасаттылық" деген сайлауалды ұранымды да қолданды. Екеуіміз де оған үлкен сенім артамыз. Біз бірге өте тығыз жұмыс істейміз, оның ішінде бір-біріміздің елімізге барамыз деген шешімге келдік. Сондай-ақ біздің командалар жедел келіссөздерді бастайды деген шешімді де қабылдадық. Украина президенті Зеленскиймен сөйлесуден бастаймыз, тап қазір сонымен айналысамын", - деп мәлімдеді Трамп.
Трамп келіссөздерге басшылық жасауды мемлекеттік хатшы Марко Рубиоға, ЦРУ директоры Джон Рэтклиффке, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майкл Уолцқа және арнайы өкіл Стив Виткоффқа тапсырғанын хабарлады.
"Мен президент болсам мүлдем болмайтын бұл соғыс салдарынан миллиондаған адам көз жұмды. Бірақ соғыс басталды, енді ол аяқталуы керек. Енді бірде-бір жан құрбан болмауы керек. Мен президент Путинге оның бұл үндеуге уақыт бөліп, ынта танытқаны үшін алғыс айтқым келеді. Сонымен бірге кеше өз басым Ақ үйде жеке күтіп алған керемет жан - Марк Фогельді босатқаны үшін алғыс білдіргім келеді. Біз жұмсаған күштің арқасында бәрі сәтті және жақын арада аяқталады деп сенемін", - деді Трамп.
-
«Деңгейі тойда ән айту ма еді»: Димаш Құдайберген тағы да талқыға түсті00:36, 07 тамыз 2026
-
Жасанды интеллекттің жаңа кезеңі: қауіпсіздік неге бірінші орынға шықты?22:02, 06 тамыз 2026
-
«Неге тегін өзгертпейді?»: Әбдіжаппар Әлқожа Дастанға ақыл айтты18:54, 06 тамыз 2026
-
-
-
Жамбыл мен Қостанайда «Қазақтелеком» компаниясының екі қызметкері көз жұмған17:35, 06 тамыз 2026
-
Wildberries Қазақстанға бет бұрды: Бұл бізге мүмкіндік пе, әлде тәуекел ме?17:16, 06 тамыз 2026
-
«Бекер көмектестік»: Блогер Жузефинаның шындығы ашылды (ВИДЕО)17:00, 06 тамыз 2026
-
Қазақстан футбол құрамасының бұрынғы ойыншысы өмірден озды16:18, 06 тамыз 2026
-
«Бауыздаймын»: Алматыда ер адам 10 жастағы балаға шабуыл жасаған (ВИДЕО)15:47, 06 тамыз 2026
-
-
Димаш Құдайбергеннің әулетінде тағы да той болды08:18, 06 тамыз 2026
-
Ақтөбеде өрт болып, тұрғындар эвакуацияланды10:47, 06 тамыз 2026
-
«Ақсақал емес, ақымақ шал»: Белсенді жылқы иесі Тәжіғали туралы жазды09:14, 06 тамыз 2026
-
"Өзін сахнаның киесі ұрған!": Бекболат Тілеухан әншілердің ашуына тиді08:36, 06 тамыз 2026
-
-
«Неге тегін өзгертпейді?»: Әбдіжаппар Әлқожа Дастанға ақыл айтты18:54, 06 тамыз 2026
-
«Намазыма, сөзіме тиісті»: Бекболат Тілеухан өзіне қысым жасалғанын айтты (ВИДЕО)14:00, 06 тамыз 2026
-
«Бекер көмектестік»: Блогер Жузефинаның шындығы ашылды (ВИДЕО)17:00, 06 тамыз 2026
-
«Жылауға шақ тұрмын»: Димаш Құдайберген қарындасының тойында сөз сөйледі (ВИДЕО)11:50, 06 тамыз 2026
-
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
-
"Тағдырдың сыйы": Наркенже Серікбаева үшінші рет тұрмысқа шыға ма08:03, 04 тамыз 2026
-
"Есімді енді жидым": Алтынай Жорабаева тойдан кейін сұмдық хәлге түскенін айтты23:00, 02 тамыз 2026
-
-
“Шымкентке келін болды”: Мақпал Жүнісова қуанышын сүйіншіледі01:40, 03 тамыз 2026
-
"Ел бәрін біледі...": Ерке Есмахан жас күйеуі туралы ашық жазды15:30, 03 тамыз 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-