Жезқазған қаласында М.Шарипова көшесінде бір қабатты тұрғын үй, сонымен бірге қосалқы ғимараттар мен гараж ашық жалынға оранып кетті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты жергілікті өрт сөндіру қызметіре сілтемемен.
«Төтенше жағдай қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің таралуы тоқтатылды. Сонымен қатар, құтқарушылар ғимараттан төрт газ және екі оттегі баллондарын шығарып, олардың жарылуына жол бермеді», — делінген өрт сөндірушілердің хабарламасында.
Өрттің жалпы ауданы 280 шаршы метрді қамтыды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.