🤖 Digital

Төрт президент бірігіп көрме тамашалады

Төрт президент бірігіп көрме тамашалады

Астанада өткен Еуразия экономикалық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин, Александр Лукашенко және Садыр Жапаров озық технологиялар мен жасанды интеллектке арналған арнайы көрмені тамашалады, деп жазады Ozgeris.info.

Мәртебелі меймандарға цифрлық шешімдер, смарт жүйелер және Халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығының мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ делегация жетекшілері жасанды интеллект музейіндегі тың жобалармен және ЕАЭО елдерінің ұлттық стендтерімен танысты.

Қазақстан көрмеде Astana Smart City, Alem GPT, Smart Data Finance, Smart Cargo+Keden секілді цифрлық жобаларын ұсынды. Бұл жүйелер қаланы басқару, қаржы, кеден және логистика салаларын толық цифрландыруға бағытталған.

Барлық жаңалық