Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы алғаш рет отбасының бұрын көп көрсетілмеген бір мүшесі туралы айтты, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Alash.kz сайтына сілтемемен.
Толқын әлеуметтік желідегі парақшасында Төреғали екеуінің тұңғыш қызы Кәусарды көрсетіп, оның 10 жасқа толғанын және мүмкіндігі шектеулі екенін жасырмай бөлісті.
Айтуынша, Кәусар сөйлей алмағанымен, ым-ишара арқылы адамдармен жақсы қарым-қатынас жасайды, қалағанын білдіре алады. Сонымен қатар, ол қыдыруды, сыртта тамақтануды ерекше жақсы көретінін, тіпті өздігінен боянып алатын қабілеті барын да айтты.