Шоу-бизнес

Төреғали Төреәлі қызы туралы жүрекжарды сырын ашты

 Төреғали Төреәлі қызы туралы жүрекжарды сырын ашты

Отандағы танымал әнші Төреғали Төреәлі қызының диагнозын алғаш қалай білгенін айтып берді, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты NewTimes.kz сайтына сілтемемен.

 

Әншінің айтуынша, бұл оқиға шамамен 2015 немесе 2016 жылдары болған. Ол сол кезде Баян Алагөзованың жобасында жүргізуші болып қызмет атқарып жүрген.

 

«Сахнаға шығайын деп тұрған сәт еді. Сол кезде телефоныма хабарлама келді. Қызым Каусардың аты ол кезде Томирис болатын. Хабарламада: “Томиға ДЦП диагнозы қойылды” деп жазылған. Сол мезетте жанымды мұздап кеткендей әсер алдым. Ол сәтте қандай күй кешкенімді сөзбен жеткізу қиын.Қалай сахнаға шықтым, кешті қалай жүргіздім өзім де аңғармай қалдым. Сол кезде атақтың да, даңқтың да мен үшін еш маңызы қалмады. Өмірім өзім қалағандай болмай бара жатқандай сезіндім. Бірақ Алланың өз жоспары бар екен. Қазір ойласам, бұл маған берілген сынақ емес, сый болған сияқты. Қызымыз біздің шаңырағымыздың гүліндей. Құдайдың маған берген бақыттары, берекесі бәрі де осы қызымның құрметіне деп ойлаймын», – деді Төреғали.

 

Әнші өз қызына арнап арнайы ән де шығарғанын айтты.

Барлық жаңалық