Қоғам

«Тоқал емес, ойнас»: Танымал этнограф үлкен әйелдердің жас жігіттерге құмар екенін айтты

«Тоқал емес, ойнас»: Танымал этнограф үлкен әйелдердің жас жігіттерге құмар екенін айтты

Этнограф, тарихшы Тұрар Сәттарқызы қоғамда жасы үлкен әйелдер мен жас жігіттердің арасындағы қарым-қатынас туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Ол  бұл туралы “Adam Adam” YouTube арнасына берген  сұхбатында айтты.

«Ауқатты, қызметтегі үлкен әйелдер өздеріне жасы кіші жігіттерді алдырады екен. Бұрын ер азаматтар өздерінен кіші әйелдерді ұнатушы еді. Қазір оны тоқал деп жүр ғой. Тоқал емес,қазақта ұят та болса “ойнас” деген сөз бар. Өздері сондай үлкен әйелге баратын жас жігіттер бар екен. Қазақтың “сені туғанда шешең қалжа жемеп пе еді?” деген сөзі бар. Ол қазақтың жігіттеріне өте төмен әрекет. Оларды шақыратын әйелдерге де сөзім жоқ. Мұндай әңгімені көбіне жас, студент жігіттерден естимін. Бұл да қоғамның дерті, өте лас дүние. Қазақтың әйелдері қалай баласындай баламен жүреді?! Мұндайлар елге сөз айтып жүргендердің де арасында бар дейді. Өте өкінішті, жүректі ауыртатын жағдай»,– дейді ол.

Барлық жаңалық