«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың барлығының баспанасын қалпына келтіру мәселесін ерекше бақылауда ұстап отыр. Солтүстік Қазақстан облысы қаладағы су басқан ықшам аудандардағы үйлердің құрылысын алғашқылардың бірі болып аяқтады. Біздің басты міндетіміз – зардап шеккендердің барлығын суық түскенге дейін үйлеріне көшіру», — деп атап өткен Олжас Бектенов әкімдікке іргелес аумақты абаттандыруды тапсырды.Өңірде барлығы 700 үй мен 90 орындық балабақша салынып жатыр. Жақында ғана отбасыларға қоныстану үшін 53 үйдің кілті берілді. Маусым айының соңына дейін тағы 47 үй беру жоспарланса, 600 үйдің құрылысы биылғы тамыз айының соңына дейін аяқталады. Бірлік ықшам ауданы қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген, топырақты жолдар салынып, серуендеуге және демалуға арналған аймақтарды абаттандыру жүргізіліп жатыр. Салынып жатқан құрастырмалы-қалқанды үйлердің сапасы мен технологиясына ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда 100-ден астам учаскеде іргетас қаланып, конструкциялар құрастырыла бастады, сонымен қатар сумен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сапар барысында Олжас Бектенов қалпына келтіруге жататын үйлерді жөндеу жұмыстарымен танысты. Солтүстік Қазақстан облысы – су тасқыны салдарын жоюға механикаландырылған бригадалар тартылған жалғыз өңір. Мәселен, тек Ойқала ықшам ауданында 1 133 үй су басу аймағында болды, оның 309-ы жөндеуді қажет етеді. Жұмыстарды 24 мехбригада кезең-кезеңімен орындап жатыр, Петропавл бойынша барлығы 85 осындай құрама бар. Қазіргі таңда едендерді ауыстыру, қабырғаларды сылау, гипс қатырмасын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Үкімет басшысы меншік иелері өтемақы түрінде төленген қаражатқа өздері жөндеу жұмыстарын жүргізетін жеке тұрғын үйге барды. Олжас Бектенов Үкіметтің негізгі міндеті – барлық эвакуацияланған тұрғындарды өз үйлеріне қайтару екенін атап өтті, бүгінде 64 мың адам өз үйлерінде тұрып жатыр. Су тасқыны салдарын жою және жүргізіліп жатқан іс-шараларды талдау шеңберінде Премьер-Министрге Петропавлда резервтік сумен жабдықтау көзін салу жоспарлары туралы баяндалды. Жобалық қуаты сағатына 100 мың м3 болатын техникалық құрылысты табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындаған жағдайда халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жұмысы тоқтатылған сорғы стансасының орнында салу көзделген. Жобаны іске асыру көктемде Петропавл тұрғындары тап болған қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді. Үкімет басшысы мұндай апатты жағдайдың қайталануына жол берілмейтінін атап өтіп, СҚО әкімдігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп жобаны іске асыруға қаражат бөлу мәселесін пысықтауды тапсырды. Анықтама: Қазақстанның зардап шеккен өңірлерінде бүгінде 841 отбасы қираған тұрғын үйлерінің орнына жаңа үйлер мен пәтерлер алды. 1825 жаңа үй салынып жатыр. 4521 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды.
МАҢЫЗДЫ
Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың үйлерін қалпына келтіру мәселесін ерекше бақылауда
07.06.2024
368
-
«Бетке лақтырма, бауырым»: Қайрат Нұртас сахнада ашуға булықты12:32, 21 қазан 2026
-
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жасайды12:20, 21 қазан 2026
-
-
«Қартайып қалыпты»: Тұрсынбек Қабатов анасынан бата алды11:36, 21 қазан 2026
-
СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды11:08, 21 қазан 2026
-
-
«Астанада өз үйім жоқ»: депутаттың отбасы мемлекеттен жәрдемақы алмайды10:21, 21 қазан 2026
-
«Жаның жәннатта болсын»: Уәлибек Әбдірайымовтың батасы талқыға түсті09:52, 21 қазан 2026
-
Қабатовтың екінші әйелі енесімен қарым-қатынасын жария етті09:51, 21 қазан 2026
-
Дастан Жозе Моуриньоға «Ордабасы» жейдесін сыйға тартты09:42, 21 қазан 2026
-
«Адамдардың ойын оқимын»: Атхамбек Юлдашев не құдыреті барын айтты12:37, 20 қазан 2026
-
«Еркемін»: Тұрсынбек Қабатов тоқалымен сүйісті16:08, 20 қазан 2026
-
«Ақшасы бар, тәрбиесі жоқ»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіні шертіп жіберді14:20, 20 қазан 2026
-
-
-
-
«Жаның жәннатта болсын»: Уәлибек Әбдірайымовтың батасы талқыға түсті09:52, 21 қазан 2026
-
«Шапалағын беру керек»: Жұмабек Жанықұл шерткен асаба мәлімдеме жасады09:30, 21 қазан 2026
-
Қабатовтың екінші әйелі енесімен қарым-қатынасын жария етті09:51, 21 қазан 2026
-
-
«Бағлан бауырым Раббысына қайтты»: Ердос Қанаев жантүршігерлік жаңалық айтты17:32, 19 қазан 2026
-
-
-
«Баяннан да сұлуын тауыпты»: Бақытбек Есентаевқа қатысты жаңа ақпар шықты18:22, 14 қазан 2026
-
«Самолетімізді сатамыз»: Жазира Байырбекова ақшадан қиналғанын айтты14:30, 19 қазан 2026
-
«Сонша бұраңдағаны несі»: Мадина Сәдуақасова өзбек әншісінің алдында биледі14:09, 16 қазан 2026
-
«Шайтан сияқты қайта шығыпты»: істі болған Сабыржан асаба тойда көзге түсті13:46, 19 қазан 2026
-
Мейрамбек Беспаев Сәкен Майғазиевке басу айтты11:37, 15 қазан 2026
-
Ақмола облысында балық аулауға кеткен зейнеткердің денесі көлден табылды16:09, 14 қазан 2026
-
«Жауап қайтарар уақыт келеді»: Олжас Абайдың экс-әйелі астарлы жазба жариялады18:16, 17 қазан 2026
-
«Бағлан бауырым Раббысына қайтты»: Ердос Қанаев жантүршігерлік жаңалық айтты17:32, 19 қазан 2026
-
«Анасы онкологиямен ауырады»: Қаза тапқан сарбаз Алмастың отбасы ауыр жағдайда13:51, 27 қыркүйек 2026
-
«Анамның інісі зoрлады»: Айгүл Иманбаева сұмдық жайтты жариялады13:17, 23 қыркүйек 2026
-
«Ақтауға барғанына бір ай ғана болған»: Түркістандық лейтенант туралы не белгілі13:24, 26 қыркүйек 2026
-
«Формадағы солдат суда тұр»: Көріпкел Каспийдегі жайтты алдын ала болжаған09:36, 28 қыркүйек 2026
-
«Баламның ішінде өкініш бар»: Аман қалған сарбаздың анасы жазбасымен елді жылатты11:39, 26 қыркүйек 2026
-
«Биыл қатыным өлді»: Уәлибек Әбдірайымовтың тойдағы мәлімдемесі жұртты шошытты08:41, 01 қазан 2026
-
«Мынадай командирлерден Құдай сақтасын»: Маңғыстаулық блогер теңізде не болғанын айтты15:12, 24 қыркүйек 2026
-
«Болатын нәрсе сандыққа салып қойсаң да болады»: Нұрлан имам қара жамылғандарға басу айтты11:57, 26 қыркүйек 2026
-
Аша Матайдың күйеуі өзіне қатысты айтылған әңгімеге жауап берді09:45, 21 қыркүйек 2026