Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады.
Король мен Патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.
