🏛️ Саясат

Тоқаев Германияға ресми сапармен барды

 Тоқаев Германияға ресми сапармен барды

🇰🇿🇩🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған.

🔹Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды. 🔹Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады. 🔹

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 🔹

Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Барлық жаңалық