Мемлекет басшысының жарлықтарымен Ермек Көшербаев Қазақстанның Аустриядағы төтенше және өкілетті елшісі әрі Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды,деп хабарлайды Ozgeris.info
Ермек Көшербаев сыртқы істер министрі болып бір жыл бұрын тағайындалған еді. Қазір сыртқы істер министрлігін Мұхтар Тілеуберді басқарады. Ал экс-министр енді елші қызметін атқармақ.
Ал Еркін Тұқымов Қазақстанның Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне кірісті. Ол бұған дейін атқарған лауазымынан босатылды.