Жаңалықтар

Тоқаев Ашхабадтағы форум аясында Грузияның Премьер-министрімен кездесті

Тоқаев Ашхабадтағы форум аясында Грузияның Премьер-министрімен кездесті

Ашхабадта өтіп жатқан халықаралық форум барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Премьер-министрі Иракли Кобахидземен жүздесті, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Ақорданың  баспасөз қызметі.

 

Кездесу кезінде Мемлекет басшысы Грузияны Оңтүстік Кавказдағы Қазақстанның сенімді әріптесі екенін атап өтті. Ол екі ел арасындағы көпжылдық ынтымақтастықтың берік достық пен тарихи жақындыққа негізделгенін айтты.

 

Тараптар саяси диалогтың, экономикалық және гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ екіжақты әріптестіктің кең ауқымды мәселелері талқыланды.

 

Президент Тоқаев Грузиямен көлік-логистика және сауда салаларында өзара ықпалдастықты одан әрі кеңейтуге зор мүмкіндік бар екенін тілге тиек етті.

Барлық жаңалық