Атырауда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқан отбасын анықтады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Azattyq-Ruhy.kz сайтына сілтемемен.
Оқиға Привокзальный ықшамауданында болған. Көпқабатты үй тұрғындары пәтерден шыққан сасық иіс пен антисанитариялық жағдайға бірнеше рет шағымданған. Шақырту бойынша барған СЭС мамандары көрген көріністен есеңгіреп қалған.
Пәтердің кіреберісінен бастап еденге дейін қоқысқа толып, қабырғалары көгеріп кеткен. Мамандар үй ішінде кішкентай баланың да тұрып жатқанын анықтады.Полиция отбасы мүшелерін пәтерден шығарып, баланы әлеуметтік қызмет мамандарының қарауына тапсырды. Дәрігерлердің болжамынша, пәтер иесі «Плюшкин синдромына» яғни заттарды шамадан тыс жинау әдетіне шалдыққан болуы мүмкін.Қазіргі уақытта отбасыға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.