Әлем

"ТМД-да болмаған масқара жағдай": Ресей билігі зейнеткерлеріне қоқыс контейнерінен азық таратып жатыр (ВИДЕО)

Желіде Ресей зейнеткерлерінің қоқыс контейнерінен азық-түлік алып жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды ozgeris.info сайты. Видеодағы кадрларға көз жүгіртсек, бір топ адамның азық-түлікті контейнерге тастап жатқанын байқауға болады. Одан кейін зейнеткерлер сол контейнерге қарай ағылады.
"Ресейде зейнеткерлерді жаппай азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатыр", - деп жазған видео авторы.
Аталмыш кадрға пікір қалдырушылардың қарасы көп. Олардың біразы биліктің халықты осындай күйге жеткізгеніне наразы. "ТМД-ның бірде-бір елінде болмаған масқара жағдай", "Жаңалықтардан мұндайды көрсетпейді", "Шошқаларға тастағандай", "Барлығын түсінемін. Бірақ қоқысқа салғанша неге таратып бермейді?", "Тұрғындар осындай күйге жеткізгендерді сонда да қолдап отыр", - деп жазды олар. 
 
Посмотреть в Threads
 
Барлық жаңалық