Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н. Дербисов пен Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Ізбасаров 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ Б. Ізбасаров 1,7 млн теңге сомасында өзіне қосымша ақшаны заңсыз есептеп, билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталды, – делінген хабарламада.Агенттіктің мәліметінше, оларға бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 млн теңге сомасында пара алды деген айып тағылған.
Сондай-ақ аталған шенділер мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.