"Аида Жұмағалиеваға 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, сонымен қатар медициналық көмек немесе қызмет көрсетуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыру; 2025 жылғы 23 маусымдағы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 33 жылдығына байланысты амнистия туралы" Заңының 1-бабы бойынша негізгі жазадан босатылсын. Сот үкімі заңды күшіне енген соң Жұмағалиева өзі тұратын жеріндегі пробация қызметіне тіркелуге міндеттелсін", – деді сот төрағасы.
2025 жылғы 18 желтоқсанда анестезиолог соңғы сөзін айтты. Ол кінәсін мойындамайтынын, өзінің абыройы мен қадір-қасиеті "тапталғанын" атап өткен. Сол күні сот процесі қорытынды пікірлермен аяқталды. Мемлекеттік айыптаушы Еркебұлан Шалқаров анестезиологты кінәлі деп тануды және 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, сонымен қатар 3 жыл мерзімге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыруды сұраған. Сондай-ақ ол 30 жылдық Конституция мерейтойына байланысты амнистия аясында жазадан босатуды ұсынған.