Қарағанды облысының Теміртау қаласында болған жанжал салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Оқиға Металлургтер даңғылындағы пәтерлердің бірінде тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, қонаққа келген ер адам мен пәтер иесі арасында келіспеушілік туындаған. Жанжал барысында үй иесіне пышақ жарақаты салынған.
Ауыр жарақат алған 33 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ретінде 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Таныстар арасында жанжал туындаған. Жанжал кезінде 33 жастағы пәтер иесіне пышақ жарақатын салған, ол оқиға орнында алған дене жарақатынан көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің өкілдері.