Жаңалықтар

Теміртауда жастар есірткіге қарсы «Қырандар» қозғалысын бастады

Теміртаудың белсенді жастары синтетикалық есірткімен күреске бағытталған республикалық #Сатқындар акциясын қолдады деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

 

Биыл қыркүйек айында бастамаға үн қосқан еріктілер қала көшелерінде есірткі жарнамаларына қарсы ауқымды жұмыс жүргізді. Нәтижесінде Теміртауда алғашқы «Қырандар» тобы құрылып, есірткіге қарсы күресті жүйелі түрде жалғастыруға кірісті.

 

Жастардың айтуынша, акцияның басты мақсаты қоғамды есірткі қаупінен қорғау және тұрғындардың назарын бұл мәселеге аудару.

 

«Біздің міндет жасөспірімдер мен жастарды зиянды заттардан қорғау. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады», – дейді белсенділер.

 

Барлық жаңалық