Жаңалықтар

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласындағы пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Қайғылы оқиға 7 қазан күні Республика даңғылында болған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері қаза тапқандардың 20 жастағы ұлын күдікті ретінде қолға түсірді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінде.

Құқық қорғау органының мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Қосымша мәлімет осыған байланысты жарияланбайды.

Барлық жаңалық