Жаңалықтар

Темірлан Анарбеков Лига чемпиондары тарихындағы үздік қақпашылардың қатарына енді

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков Лига чемпиондары тарихында Sofascore халықаралық статистикалық порталының ең жоғары бағасы 10 ұпайды алған үшінші қақпашы атанды деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Ақ Жайық сайтына сілтемемен.

 

Платформаның ресми Instagram парақшасы 22 жастағы қазақстандық қақпашының Кипрдің «Пафос» командасына қарсы ойынын «тарихи кеш» деп атап өтті.

 

«Бұл Темірлан Анарбеков үшін ғажайып кеш! Ол жарақаттан кейін Лига чемпиондарындағы алғашқы ойынын өткізіп, біздің базада 10 ұпай алған үшінші қақпашы атанды», — делінген Sofascore хабарламасында.

 

Группалық кезеңнің үшінші турында өткен «Қайрат» «Пафос» матчы 0:0 есебімен аяқталды. Анарбеков кездесуде бес сейв жасап, командасының үздік ойыншысы деп танылды.Жас қақпашы үшін бұл дебют нағыз серпіліс болды, ол өз қақпасын «құрғақ» сақтап қана қоймай, еуропалық футбол тарихына енді.

 

Барлық жаңалық