Журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында нағашы ағасы Хасан Ормановтың дүниеден өткенін хабарлап, жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
“Хасан нағашым… балалығымның куәсі… әскерден келгені, үйленгені, атамның шаңырағына ие болып, ауыл интеллигенциясының, ардагерінің алды болып, зейнетке шыққанына бір ай ғана болған еді…
5 сәуір күні ғана мерейтойын өткізіп… Соңғы көрген қуанышы екен ғой!”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ журналист марқұм ағасына деген сағынышын жеткізіп, отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.
“Нағашы ауылым қара жамылды… Кімді іздеп, кімге еркелеп барып, жиендік жасап, мауқымды басам?!
Диханкөл ауылының жұртын өнерімен сусындатқан аңқылдаған ағамның аруағы қолдасын!
Өнерлі ұрпағына, жары Гүлзипа жеңгеме, нағашы жұртыма қайғырып көңіл айтамын!
Алдыңнан жарылқасын, Хасеке!”, – деді Дана Нұржігіт.