Танымал абайтанушы Омар Жәлелдің екінші жұбайы «Әңгіме бар» подкастында өзінің бұрынғы күйеуіне қатысты біраз шындықты жария етті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның сөзінше, экс-жұбайы бір сәтте байланысын үзіп, ешқандай хабар-ошарсыз кеткен.
Оның сөзінше, балалардың жағдайы да алаңдатарлық. Ана ретінде бар жауапкершілік тек өз мойнында қалғанын айтады.
4 әйелден 30-дан аса баласы бар.
Ләззат Мырзаштың айтуынша, Омар Жәлелдің төрт әйелі және 30-дан астам баласы бар.
«Маған жыныстық қатынас керек емес, ұрпақ керек. Маған ұрпақ керек. Қазақстанда жыныстық қатынас жетеді» деп өзі айтатын» – дейді подкаст қонағы.
Сонымен қатар Ләззат Мырзаш Омар Жәлелдің басқа әйелдері де сотқа жүгінуді ойластырып жүргенін меңзеді.Өзі де бұрынғы күйеуінің атына сотқа арыз түсірген.