"Әділет" партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бұл үдерісті дәл "Amanat" ұйымының өздеріне қосылуы деп бағалайды. Ол бұл қадамды ұлттық жауапкершілікке негізделген тарихи таңдау санайды. Басшының пайымдауынша мұндай салмақты шешім тар партиялық мүдделерден әлдеқайда биік тұр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Сарапшылар жаңа саяси құрылымның тізгінін Айбек Дәдебайдың өзі ұстайды деп топшылайды. Осы тұста бәсекелестіктен бас тартып төрағалық орнын босатқан Ерлан Қошановтың болашақ қызметі көпшілікке жұмбақ күйінде қалып отыр. Оның болашақ Құрылтай төрағасы лауазымына тағайындалуы да әзірге белгісіз.
"Әділет" ұйымының тарихы өте қысқа. Ол биылғы жылдың сәуір айында ғана құрылды. Небары бір жарым айдан соң 1 маусымда Әділет министрлігінде ресми тіркеуден өтті.
Айбек Дәдебай 5 мамырға дейін Президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған еді. Ал 7 мамырда ол жаңа партияның жетекшісі атанды. Көп ұзамай 4 маусымда eGov мемлекеттік қызметтер порталында бұл ұйымның қатарына өтуге арналған жеке батырма іске қосылды.
Мемлекет басшысының бұрынғы көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жақын арада "Әділет" қатарына кіруі ықтимал. Оған ақпараттық саясат саласына жетекшілік ету міндеті жүктеледі деген сөз бар.
Бұған қоса бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жаңа партияның насихат жұмыстарын бақылайды деген болжам айтылып жатыр.