Жаңалықтар

Тараздағы мектептегі қайғылы оқиға: Оқушы 6 жылдан аса мерзімге сотталды

Тараздағы мектептегі қайғылы оқиға: Оқушы 6 жылдан аса мерзімге сотталды

Жамбыл облысында оқушылар арасындағы адам өлімімен аяқталған қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс толық аяқталып, сот шешімі шығарылды деп хабарлайды Оzgeris.info сайты kznews.kz сайтына сілтемемен.

 

Оқиға өткен жылдың күз мезгілінде Тараз қаласындағы №47 мектепте болған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 9-сынып оқушысы сыныптасына күш қолданып, соның салдарынан жасөспірім қаза тапқан.

 

Істі қараған мамандандырылған ауданаралық сот кәмелетке толмаған айыпталушыны 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

 

Сот материалдарында марқұм оқушының мойын тұсынан алған жарақаты аса ауыр болғаны және дәл осы жарақат өлімге себеп болғаны көрсетілген. Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ жүргізілген сот-медициналық сараптама қорытындыларымен толық дәлелденген.

 

Сонымен қатар сот шешімімен айыпталушының заңды өкілдерінен жәбірленуші тараптың пайдасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіру туралы талап қанағаттандырылды.

 

Аталған үкім қазіргі таңда заңды күшіне енген жоқ.

Барлық жаңалық