Тараз қаласы

Таразда жасөспірім үй ауласында асылып қалған күйде табылды

Тараз қаласында 15 жастағы жасөспірім өз үйінің ауласында ағашқа асылған күйде табылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Бейресми деректерге сүйенсек, оқиғаға отбасындағы жанжал себеп болуы мүмкін. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім қарындасымен ұялы телефондағы ойынға байланысты сөзге келіп, оны ұрып жіберген. Қыз анасына шағымданатынын айтқаннан кейін жағдай ушыға түскен.


Деректерге сәйкес, марқұм №27 мектептің оқушысы болған. Отбасы толық емес: анасы жұмыссыз, әкесі ажырасқаннан кейін бөлек тұрады. Үйде марқұмнан бөлек тағы үш кәмелетке толмаған бала бар. Жасөспірім отбасындағы тұңғыш бала еді.

 

Куәгерлердің айтуынша, біраз уақыт өткен соң қарындасы ағасын ауладағы ағашта асулы күйінде тауып, жедел жәрдем шақырған.

 

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс ҚР ҚК 105-бабы (“Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу”) бойынша қозғалды.

Барлық жаңалық