Жамбыл облысы

Таразда ер адам әйелін баласының көзінше ұрып соқты (ВИДЕО)

Таразда ер адам әйелін баласының көзінше ұрып соқты (ВИДЕО)

Желіде тараған видеода ер адамның әйелге кішкентай баланың көзінше қол көтерген сәті түсірілген. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Тараз қаласында болған, деп хабарлайды Ozgeris.info.

 

Бейнежазбада әйелдің жерге құлап, қабырғасының қатты ауырғанын айтып жатқанын көруге болады. Алайда ер адам соған қарамастан агрессиясын жалғастырып, жарақаттанған әйелді жұлып алып тұрғызып, жақын маңдағы орындыққа отырғызады.

 

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын жедел анықтаған. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол – облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны. Ер адам ұсталып, барлық мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілген.

 

«Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті тергеу амалдарының толық кешені жүргізіліп жатыр. Барлық дәлелдер жиналғаннан кейін заңға сәйкес шешім қабылданады. Тергеудің мүддесіне және ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – деді полиция.

 

Барлық жаңалық