Қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева тұрмысқа шықты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Бұл туралы әлеуметтік желілер арқылы белгілі болды.
Алтынай Жәкішева 1999 жылы дүниеге келген. Ол модельдік мансаппен айналысады, қазір Лондонда тұрып, жұмыс істейді.
“Сенбі, 9 мамыр күні Лондондағы ратушада отбасымыздың ортасында некемізді ресми түрде тіркедік. Жаңбыр жауады деп болжаған еді, бірақ күні бойы күн ашық болып, аспан шайдай ашылды. Сол күні мен ресми түрде Mrs OJ атандым”, – деп жазды ол.
Мұхтар Жәкішев – танымал қазақстандық кәсіпкер және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы. Ол 1963 жылы 28 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Мәскеу инженерлік-физика институтын «инженер-физик» мамандығы бойынша тәмамдап, кейін аталған оқу орнында аспирантурада білім алған.
Әр жылдары Мұхтар Жәкішев Butya, «Зангар» және «Алаутрансгаз» секілді компанияларда басшылық қызметтер атқарған. Сонымен қатар Қазақстанның Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі болған.
1998 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» жүйесінде еңбек еткен. Ал 2002-2009 жылдары ұлттық атом компаниясын басқарды. Бұл кезең еліміздің уран саласының қарқынды дамыған уақыты ретінде бағаланады.
2009 жылы Мұхтар Жәкішев қамауға алынып, кейін бірнеше қылмыстық айып бойынша 14 жылға сотталған. Оның ісі қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.
2020 жылдың наурыз айында ол шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты. Жалпы алғанда, кәсіпкер түрмеде шамамен 11 жыл отырған.
Мұхтар Жәкішевтің үлкен отбасы бар. Оның Айгерім, Айсұлу, Алтынай, Айдай және Айтөре есімді балалары бар. Сондай-ақ 2023 жылы отбасында тағы бір қыз дүниеге келген.