Жаңалықтар

Танымал актер Луврды тонаған ұрыларды мақтады

Голливуд жұлдызы Джордж Клуни Луврдағы ұрлық туралы әзілдеп, «бұл істі мақтан тұтамын» деп мәлімдеді, деп хабарлайды  Ozgeris.info сайты Hola сайтына сілтемемен.

 

Актёр бұл туралы AFI Fest кинофестивалінде, өзінің жаңа фильмі «Джей Келлидің» тұсаукесері кезінде айтты.Бұған дейін әлеуметтік желілерде Луврда болған ірі ұрлық қызу талқыланған еді. Белгісіз тұлғалар небәрі жеті минут ішінде шамамен 100 миллион доллар тұратын құндылықтарды ұрлап кеткен. Бұл оқиға интернетте көптеген әзіл мен мемге себеп болды.

 

«Бұл тарихи тұрғыдан қарағанда қайғылы оқиға, бірақ адамдар мұндай шеберлікке еріксіз таңғалады. Оның үстіне, бәрі күндіз, ондаған келушінің көз алдында болған», – деп жазады басылым.

 

«Оушеннің достары» фильмінде кәсіби ұрыны сомдаған Джордж Клуни бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп:

 

«Қызық, оларды ұстай ма екен? Әзірге жазадан сытылып кеткен сияқты», – деді Variety журналына берген сұхбатында.

 

Актёр ұрлықты «көркем» деп атап, кейін күліп:

«Яғни, бұл қорқынышты жағдай. Бірақ егер мен кәсіби ұры болсам, мен бұл жігіттермен мақтанар едім», – деп әзілдеді.

Барлық жаңалық