Әлеуметтік желіде әншінің соңғы видеолары талқыланып жатыр. Көпшілік Роза Әлқожаның сырт келбетінде өзгеріс барын айтып, оның жағдайына алаңдаушылық білдіруде. Бұл туралы Оzgeris.info сайты хабарлайды.
Желі қолданушылары шашының сиреп, өңінің солғын тартқанын байқап, «шаршаңқы көрінеді», «денсаулығы дұрыс па екен?» деген пікірлер қалдырған. Кейбірі өнер иесіне демалып, өзіне көбірек көңіл бөлу керегін жазуда.
«Жас келген соң бәріміз өзгереміз, әрине жасармаймыз, бірақ әлі де әдемі ғой», «Розаның ән салғаны өзінің сүйкімділігі, халық сүйсініп тыңдайды. Денсаулығы мықты болсын шаңырақта бақытты шаңырақ болыңдар. Жан-жағы аман болсын деп тілеймін», деп жазды көпшілік.