Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Аичи-Нагоя-2026 жазғы Азия ойындарында тарихи жетістікке жетті. Ол 58 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихында таеквондодан Азиада чемпионы атанған тұңғыш спортшы болды, деп хабарлайды Ozgeris.info
Финалда Тілеулес Курт Брайан Барбозамен кездесіп, тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті.
Тамирланның финалға дейінгі жолы да оңай болған жоқ. Ол алғашқы белдесуінде Оман спортшысын жеңсе, ширек финалда әлем чемпионы Аболфазл Зандиден басым түсті. Ал жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ан Хянсикті 2:1 есебімен ұтты.
Бұған дейін қазақстандық таеквондошылар Азиада ойындарының финалына үш рет шыққанымен, күміс медальмен шектелген еді. Феруза Ергешова (Гуанчжоу-2010), Нұрсұлтан Мамаев (Инчхон-2014) және Жансель Дениз (Джакарта-2018) финалда жүлдеге қол жеткізген.
Тамирлан Тілеулес бұл серияны үзіп, Қазақстан таеквондосына Азиададағы алғашқы алтын медальді сыйлады.