Жаңалықтар

Талғарда жасөспірім қаза тапты: Оның өліміне қатысты қатарласы ұсталды

Талғарда жасөспірім қаза тапты: Оның өліміне қатысты қатарласы ұсталды

Талғарда жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде тағы бір жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Алматы облыстық полицияның хабарлауынша, жасөспірімге дене жарақатын салып, оның өліміне әкелген факті бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Күдікті ретінде тағы бір жасөспірім оқиғадан көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оның қамауда болуын санкциялады.

Полиция департаменті тергеу тобы материал жинап, оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатқанын айтты. Іс ведомствоның ерекше бақылауында. Ал оқиғаның егжей-тегжейі ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Трагедияға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қақтығыстың неден шыққаны, оған не түрткі болғаны және жасөспірімдердің қандай жағдайда болғаны туралы ресми ақпарат жоқ.

Барлық жаңалық