Жаңалықтар

Таиландта демалып жүрген қазақ фельдшері екі жасар сәбиді ажалдан арашалап қалды

Таиландта демалып жүрген қазақ фельдшері екі жасар сәбиді ажалдан арашалап қалды

Таиландта демалып жүрген қазақстандық фельдшер Гауһар Әкімова екі жасар бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

Желідегі мәліметке сүйенсек, Гауһар Әкімова инфекция салдарынан ұстамасы пайда болған екі жасар қыз балаға дереу медициналық көмек көрсетті.

Бүлдіршіннің туыстары туристер арасынан көмек іздеген. Дәл сол уақытта жақын маңда жүрген қазақстандық әйел дереу жетіп, алғашқы көмек көрсетіп, шұғыл қызметтердің келуін күтті.

Барлық жаңалық