Аймақтағы шиеленісті жағдайға байланысты 946 қазақстандық Таяу Шығыс елдерінен елге қайтарылды деп хабарлайды Ozgeris.info
4 наурыз күні бірнеше арнайы рейс Қазақстан әуежайларына келіп қонды. Air Astana әуе компаниясы Сауд Арабиясынан арнайы эвакуациялық рейстерді орындады.
Атап айтқанда:
Медина – Ақтау бағыты бойынша рейспен 142 жолаушы,
Медина – Атырау рейсімен 145 жолаушы,
Джидда – Атырау бағытындағы екі рейспен 174 және 179 жолаушы жеткізілді.
Сонымен қатар SCAT әуе компаниясы Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша Boeing 767 ұшағымен қосымша рейс орындайды. Ұшақта шамамен 290 орын бар.