🌐 Әлем

Таяу Шығыстағы түнгі атыс: АҚШ пен Иран бір-бірінің әскери базаларына шабуыл жасады

Таяу Шығыстағы түнгі атыс: АҚШ пен Иран бір-бірінің әскери базаларына шабуыл жасады

28 мамырға қараған түні Таяу Шығыста жағдай қайта ушықты. Америка мен Иран қарулы күштері бір-біріне әуеден шабуыл жасады. Сәуір айының басында күшіне енген атысты тоқтату режимі осылайша бұзылды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Алғашқы соққыны Құрама Штаттар бастады. "Reuters" агенттігі әскерилер Иранның қорғаныс нысанын нысанаға алғанын таратты. Шабуыл барысында төрт дрон атып түсірілген. Бендер-Аббас қаласындағы басқару пункті де зардап шекті. Дәл осы жерден бесінші ұшқышсыз аппарат ұшуға дайындалып жатқан екен.

Жергілікті ақпарат құралдары түнгі сағат бір жарым шамасында қатты жарылыс дауысы естілгенін жазды. Америка билігі бұл әрекетті тек қорғану мақсатымен түсіндіреді. Аталған дрондар Ормуз бұғазындағы сауда кемелері мен әскерилер өміріне тікелей қауіп төндірген. Басшылық бұл қимылдар керісінше бейбітшілік келісімін сақтап қалу үшін жасалғанын алға тартты. Бұған дейін дүйсенбі күні де бұғазға мина орнатпақ болған кемелерге соққы жасалған болатын.

Арада санаулы сағат өткенде Тегеран жауап қатуға кірісті. Ислам революциясы сақшылар корпусы таңғы төрттен елу минут кеткенде Американың әуе базасына соққы жасағанын мәлімдеді. Бендер-Аббас әуежайы маңындағы шабуылдан кейін осындай шұғыл шешім қабылданған. Алайда нақты қай аймақтағы нысанға зымыран түскені құпия күйінде қалды. Осы тұста бейсенбі күні Кувейт әскері зымырандар мен дрондарды жоятын әуе қорғаныс жүйесін іске қосқаны белгілі болды.

Барлық жаңалық