Жаңалықтар

Тағы да қайғылы жағдай: Жетісу облысында өрттен үш бала қаза тапты

Тағы да қайғылы жағдай: Жетісу облысында өрттен үш бала қаза тапты

Жетісу облысында өрттен үш бала қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

25 қыркүйек таңертең Жетісу облысы Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылында барак үлгісіндегі жеке тұрғын үйден өрт шықты.

Өрт кезінде анасы 13 жастағы баласымен бірге үйден шығып үлгерген. Алайда тағы үш бала үйдің ішінде қалған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндіру барысында үйдің ішінен бір, алты және сегіз жастағы үш баланың денесін алып шықты.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Барлық жаңалық