Жақында «Қайрат» футбол клубының қақпашылары Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке кәсіпкерлер автокөлік сыйлап, әлеуметтік желіні шулатқан еді.
Алайда осы оқиғадан кейін клуб басшылығы жаңа тәртіп енгізді. «Қайрат» президенті Қайрат Боранбаевтың айтуынша, енді ойыншыларға кез келген сыйлық немесе марапат тек ресми келісіммен, клубтың рұқсатымен ғана табысталмақ деп хабарлайды Ozgeris.info сайты JANABASTAU.KZ сайтына сілтемемен.
«Футболшылар клубпен келісімшартқа отырғандықтан, мұндай жағдайлар біздің бақылауымызда болуы тиіс. Сондықтан кез келген сыйлық клубтың рұқсатымен беріледі», – деді Боранбаев.
Еске сала кетсек, қақпашыларға тарту етілген автокөліктер әлеуметтік желілерде үлкен талқы туғызған. Бірі спортшылардың еңбегін бағалау деп қабылдаса, енді бірі мұндай сыйлықтардың артында басқа мақсат бар ма деген сұрақ қойды.