Шоу-бизнес

«Сыйлаған көлігін қайтарып алды»: әнші Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдарға қатысты күтпеген жайтты айтты

«Сыйлаған көлігін қайтарып алды»: әнші Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдарға қатысты күтпеген жайтты айтты

Әнші Қарлығаш Сұлтанша жұбайы, композитор Қуанышпен байланысты өткен өмірінен бір оқиғаны айтып, өнердегі қарым-қатынас пен уәдеге қатысты көзқарасының қалай өзгергенін жеткізді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі бұл туралы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, кезінде әнші Ернар Айдар бірнеше жыл бойы олардың шаңырағында тұрып, Қуаныштан тәлім алған. Кейін өнердегі жетістіктерінен соң ұстазына ризашылық ретінде автокөлік сыйлаған. Алайда біраз уақыт өткен соң, сол көлікті қайта алып кеткен.

Қарлығаш Сұлтанша бұл жағдай жұбайына ауыр тигенін жасырмады. Айтуынша, осы оқиғадан кейін олар ешкімнің уәдесіне сенбей, еңбектің ақысын бірден алған дұрыс деген қорытындыға келген.

Сонымен қатар ол бүгінде бұл оқиғаға өкпе-наз сақтамайтынын айтты. Әнші Ернар Айдардың жетістігіне тек Қуаныштың ғана емес, өз еңбегінің де үлкен үлесі бар екенін атап өтті. Оның пікірінше, өнер жолында ешкім ешкімге мәңгі қарыз емес, әр адам өз еңбегімен биікке көтеріледі.

Барлық жаңалық