Шоу-бизнес

«Сыған сияқтысың»: Мөлдір Әуелбекованың жаңа образы сынға қалды

«Сыған сияқтысың»: Мөлдір Әуелбекованың жаңа образы сынға қалды

Мөлдір Әуелбекова жарыққа шығатын жаңа әнінің клипінен үзінді жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды деп хабарлайды Ozgeris.info

Алайда әншінің жаңа туындысынан бұрын оның бейнебаянда киіп шыққан ерекше образы жұрттың қызу талқысына түсті. Әлеуметтік желі қолданушылары Мөлдірдің киім үлгісіне қатысты түрлі пікір білдіріп, арасында сын айтқандар да болды.

«Мынау скоро шешіне ме сонда?», «Стилист ауыстыру керек», «Сығанға ұқсап қалыпсың», «Мөлдір қалқам, стилист ауыстырсаңшы», «Басына бір корона жетпей тұр», «Құрсын, мынау не киім?», «Орамалын қашан шешеді?», «Мың қырық жамау», «Оранбай-ақ қойшы» деген пікірлер жазылды.

Әзірге әншінің жаңа әні мен клипінің нақты қашан жарыққа шығатыны белгісіз.

Барлық жаңалық