Шоу-бизнес

"Сүмелек, ұялмайсың ба?": Еркебұлан Тоқтар желіде тағы ашуға мінді (ВИДЕО)

"Сүмелек, ұялмайсың ба?": Еркебұлан Тоқтар желіде тағы ашуға мінді (ВИДЕО)

Танымал актер әрі кәсіпқой боксшы Еркебұлан Тоқтар тағы да ашуға мінді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ол желідегі парақшасында видео жүктеген. 

Өзінің "Tok burger" дәмханалар желісінде тұтынушы мен аспаз арасында дау шыққан. 

Айтуынша бір келуші шағымданып, аспаздан ақша талап еткен. 

"Бір жас бала аспазға бургердегі котлетті піспеген деп видеоға түсіріп жібереді. Солай ақша талап еткен. Аспазымыз жұмыстан шығарып жібереді деп қорқып ақшасын бере салған. Бұл-алаяқ! Мен өз котлетімді жатқа білемін. Басқа бір  бургерді түсіріп жіберген. Біздің котлет жұқа болады, видеода қалың. 50 мың теңгеге бопсалап, аспазымыз қалтасында бар ақшасын 30 мың теңге жіберген. Офисымда заңгерлер отыр. Енді ісім сенімен болады! Аспазымның онсызда айлығы аз, өзі әйтеуір күн көріп жүрген адам. Ұялмайсың ба, сүмелек?! Маған жазбайсың ба? Менен талап етпейсің бе? Енді көрсетемін саған!", - деді ол. 

Барлық жаңалық